Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Германияда тоғызқұмалақтан Еуропа чемпионаты басталды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - 23-24 шілде күндері Германияның Швайнфурт қаласында тоғызқұмалақтан Еуропа чемпионаты өтеді. Бүгін басталған Еуропа чемпионатына Қазақстан, Германия, Франция, Грекия, Швейцария, Испания, Ресей, Чехия мен тағы басқа он елдің спортшылары қатысып жатыр.

Германияда тоғызқұмалақтан Еуропа чемпионаты басталды (ФОТО)

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Халықаралық тоғызқұмалақ федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Дереккөзіне сүйенсек, Еуропа чемпионатының ашылуына Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әлихан Байменов пен Қазақстан Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері Комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов, Швайнфурт мэрі Карл Хайнц Каучок қатысқан.

«Чемпионат - интеллектуалдық сайыс, мәдени шара ғана емес, мәдени мұрамызды насихаттау жолы. Ал, бұл - дүниежүзілік федерацияның құрылған күнінен бастап алға қойған міндеттерінің бірі», - деп атап өтті жарыстың ашылу салтанатында Әлихан Байменов.
Дүниежүзілік федерация 2009 жылдан бері тоғызқұмалақтан үш рет әлем чемпионатын өткізген. Қазіргі таңда тоғызқұмалақпен айналысатын қазақстандықтар саны 200 мың адамнан асты. Алда Азия чемпионатын ұйымдастыруға Қытай өкіметі өз тарапынан қолдау көрсетуге ниет білдіріп отыр.

null null null null