Германияда төртемді дүниеге әкелген 65 жастағы әйел перзентханадан шықпақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияда мерзімінен бұрын төрт баланы дүниеге әкелген 65 жастағы әйел өз-өзін жақсы сезінеді. Таяуда ауруханадан шығады, деп хабарлады сейсенбіде Associated Press агентігі неміс дәрігерлеріне сілтеме жасап.

Германияда төртемді дүниеге әкелген 65 жастағы әйел перзентханадан шықпақ

Үш ер бала мен бір қыз бала - төртеуі де 2,5 келіден. Балалар мамырда жүктіліктің 26-шы аптасында кесарева тілігі арқылы дүниеге келген.

Олардың анасы Аннегрет Рауниг төртем туған ең егде әйел саналады. Зейнеткерлікке шыққан мұғалім Раунигтің бұдан басқа бес ер адамнан тағы 13 баласы бар.