Германияда туристер мінген автобус апатқа ұшырады
АСТАНА. Қыркүйектің 27-сі. ҚазАқпарат - Берлиннен 30 шақырымдай жерде поляк туристері мінген автобус жол апатына ұшырады, оқиға салдарынан ең кем дегенде 13 адам қаза тапты, деп хабарлады басылымдар.
Тағы 31 адам түрлі жарақат алған. Неміс медиктерінің айтуынша, олардың жетеуінің жағжайы - өте ауыр, деп хабарлайды ВВС компаниясы.
Pol-Bus компаниясына тиесілі автобуста барлығы 49 жолаушы - Испаниядан үйлеріне қайтып келе жатқан поляк туристері болған. Жол апаты жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 10.30-да орын алған.
Әзірге анықталған себептер бойынша, автобус автобанға шыққан «мерседес» көлігімен соқтығысып қалып, одан кейін көпір бағанына барып тірелген. «Мерседес» көлігінің рулінде болған 37 жастағы әйел жараланған.
Оқиға орнына Польша премьері Дональд Тусктің аттанғаны хабарлануда.