Германияда туристерге қосымша салық салынбақ

АСТАНА. 30 сәуір. ҚазАқпарат - 1 шілдеден бастап Берлинде қоанқүйде тұратын туристерге қосымша 5 пайыз көлемінде салық салынады, деп хабарлады Туризм.ру сайты.
None
None

Неміс астанасының өкімет орындары салықтан түскен қаржыны ғимараттар мен коммуникацияларды жөндеуге жұмсамақ.

Бұндай алымды қонақүйлерге, жатақханаларға немесе басқа да үй иелеріне тоқтаған туристер төлейтін болады. Associated Press агенттігінің хабарлауынша, Берлин өкімет орындары осы арқылы жылына 25 млн. еуро қаржы түсіруге үміттенеді.

Дегенмен ел астанасына бизнес істері бойынша келген адамдарға мұндай салық салынбайды. Алайда қала билігі туристер мен бизнесмендерді қалай ажырататынын нақтыламаған.

Қонақүй бизнесінің өкілдері биліктің бұл идеясын сынға алуда, бірақ олар саясаткерлердің шешімін өзгерте алмасы анық. Мұндай салық бұған дейін Бремен, Гамбург және Любек қалаларында енгізілген болатын.

Соңғы жаңалықтар