Германияда Украинаға қару-жарақ жеткізуге қарсы петиция басталды

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Германияда бір топ азамат Украинаға қару-жарақ жеткізуге қарсы петиция бастамасын көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Германияда Украинаға қару-жарақ жеткізуге қарсы петиция басталды

Change.org сайтында Украинаны қаруландыруды тоқтатуға шақырған петиция жарияланған.

«Үшінші дүниежүзілік соғыстың алдын алу қажет. Бізге қару емес, дипломатия керек!» - деп жазады үндеу бастамашылары.

Қазіргі уақытта петицияға 12 мыңнан астам интернет қолданушысы қол қойған.

Еуропалық БАҚ-тың жазуынша, Германия канцлері Олаф Шольц ішкі және сыртқы қысым үдеген жағдайға түсті. Батыс одақтастары мен Германия билеуші коалициясының мүшелері канцлер-социал-демократты Украина күштерін ауыр қару-жарақпен қамтамасыз етуге шақырып, жиі әрі қатал сынап жатыр.