Германияда ұшақ шұғыл түрде қонуға мәжбүр болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әуе кемесі Germanwings әуе компаниясының меншігінде. Ұшақ Дрезденнен Дюссельдорфқа бағыт алған. Оның бортында 147 адам - 142 жолаушы және экипаждың 5 мүшесі болған.
Ұшқыш әуеде кабинаның түтінге оранғанын хабарлап, шұғыл түрде қонуды сұрады. Бұл сәтте диспетчерлер оқиға орнына әуежайдың өрт сөндірушілері мен қалалық өрт сөндіру қызметін шақырды.
Жолаушылар қауіпсіз жерге шығарылды. Ешкім зардап шекпегені хабарланып отыр. Түтіндену себептері анықталуда. Алдын ала шамалау бойынша, бұған техникалық ақау себеп болған.