Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Германияда ұшқыш ұшақ апатынан кейін ағашта түнеген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияның оңтүстігінде Штутгарттан 30 шақырым жерде әуе кемесі апатқа ұшырап, жеңіл моторлы ұшақтың ұшқышы 12 сағатын ағашта өткізген.

  Германияда ұшқыш  ұшақ апатынан кейін ағашта түнеген

Апат сейсенбіге қараған түні орын алды. Алайда құтқарушылар ұшқышқа түнде көмек көрсете алмады. Олар ұшақ 30 метр биіктіктен құлап кетеді деп қауіптенді.

Сейсенбі күні таңертең 59 жастағы ұшқышты жерге түсірді. Сәтсіз қонғаннан ол зардап шекпеген.