Германияда жаңа жылдан бастап имамдар дайындайтын факультеттер ашылады
АСТАНА. Қазанның 15-і. ҚазАқпарат - Германияда жаңа жылдан бастап имамдар дайындайтын факультеттер ашылады,
деп хабарлайды «Маяк» радиосы.
Исламдық оқу орталықтарын федералдық өкімет қаржыландыратын болады. Әр университет 4 миллион еуродан алады.
Өз имамдарын дайындау Германияның мұсылман елдерінен келген азаматтарды неміс қоғамына ықпалдастыру жөніндегі саясатының бір шарасы болып табылады.
Қазір Германияда жұмыс істейтін имамдардың көбісі сырттан келгендер.