Германияда «жасылдар» партиясының бүкіл басшылығы отставкаға кетті
АСТАНА. KAZINFORM – Мұндай шешім «жасылдар» рекордтық төмен нәтижеге қол жеткізген Тюрингия, Саксония және Бранденбург федералды штаттарындағы сайлау қорытындысы бойынша қабылданды.
Неміс ақпарат құралдарының хабарлауынша, атап айтқанда, «Одақ90/жасылдардың» жетекшілері Рикарда Ланг пен Омид Нурипур отставкаға кетуде. Партия – Германия басқарушы коалициясының бөлігі.
Висбадендегі партия конференциясында «Жасылдар» соңғы онжылдықтағы ең терең дағдарысты бастан өткеріп жатқаны айтылды. Олай болғанымен, Омид Нурипур мен Рикарда Ланг әзірге басқарушы директорлар қызметінде қалады.
Еске сала кетсек, әсіреоңшыл «Германия үшін балама» партиясы өз тарихында алғаш рет ГФР жер сайлауында Тюринг парламентіне сайлауда жеңіске жетіп, бірінші орын иеленді.
Бұл жаңалық Германияның өзінде де, Еуропаның басқа елдерінде де резонанс тудырды.