Германияда жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті: қаза тапқандар бар

БЕРЛИН. KAZINFORM – Баден-Вюртемберг федералды жеріндегі Ридлинген қаласы маңында аймақтық жолаушылар пойызы сағат 18:10 шамасында рельстен шығып кетті, деп хабарлайды DW.

Германияда жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті: қаза тапқандар бар
Фото: видеодан алынған скрин

Bild дерегінше, апат кезінде пойыз вагонында шамамен 100 адам болған. Штутгарт полициясының мәліметінше, жарақат алғандар көп, олардың нақты саны әлі белгісіз.

Құтқарушылар «зардап шеккендердің көп екенін» хабарлады.

dpa агенттігі бірнеше адамның қаза тапқанын мәлім етті.

Бұған дейін Германияда 400 жолаушысы бар пойыз туннель ішінде бірнеше сағат тұрып қалғанын жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум