Германиядағы автобандарда бірнеше ірі жол апаты болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Германияның шығысындағы А71 автомагистралінде алты автомобиль соқтығысты. Апат салдарынан екі адам қаза тауып, төрт адам жарақат алған. Оның алдында дәл сол күре жолда 50 автомобиль соқтығысып, 25 адам жарақат алған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат dw.com сілтеме жасап.

Германиядағы автобандарда бірнеше ірі жол апаты болды

Қайғылы оқиға 28 сәуір, жексенбі күні кешкісін Земмерда және Эрфурт қалаларының арасындағы автобанда болған. Көліктің бірі жанып кеткен. Полицейлердің айтуынша, зардап шегушілерді құтқару үшін тікұшақ қызметіне жүгінуге тура келген.
Сол күні дәл осы А71 күре жолында, Зуль және Майнинген елді мекендерінің арасында көктайғақ салдарынан 50 көлік соқтығысқан болатын.
Автомобильдер қатты келе жатып, бір-біріне соқтығысқан, кейбірі шыр айналған. Апат учаскесі бірнеше жүздеген метрге жетті.