Германиядағы ең төменгі жалақы сағатына 8,5 еуроны құрап отыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияның Федеральдық канцлері Ангела Меркель ел тарихында тұңғыш рет ең төменгі жалақы шегін мақұлдады.

Германиядағы ең төменгі жалақы сағатына 8,5 еуроны құрап отыр

Бұл сағатына 8,50 еуро ($11,75) болып отыр.

Тиісті заң 2015 жылдан бастап күшіне енеді.

Экономистердің сөзіне қарағанда, жалақының көбеюі жұрттың ақшаны көбірек жаратуына мүмкіндік тудырады. Бұл экономиканың көтерілуіне әсер етпек, деп хабарлайды Росбалт.