Германиядағы ереуіл: Ұшақтар Қазақстанға жете алмай жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әуежайында Германиядан бүгін келуі тиіс рейс тоқтатылған, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы халықаралық әуежайының мәліметінде көрсетілгендей, «Lufthansa» әуе компаниясының Франкфурттан Алматыға келуі тиіс LH648 рейсі ұшпайтын болды. Аталған рейс 16 қаңтарда түнгі 00:50-де Алматы әуежайына қонуы тиіс еді.

Сонымен қатар, «Эйр Астана» компаниясының Майндағы Франкфуртқа ұшатын KC 921 рейсі де тоқтатылды. Кесте бойынша ол 15 қаңтарда 16:10-да Еуропаға жетуі қажет.

Мұның алдында Германияның сегіз әуежайында ереуіл болатынын хабарлаған едік.

Атап айтар болсақ, Ver.di кәсіподағы елдегі сегіз әуежайдың қауіпсіздік қызметтері өкілдерін ереуілге шақырды.

Майндағы Франкфурт, Ганновер, Бремен, Гамбург, Мюнхен, Лейпциг, Дрезден және Эрфурт қалалары әуежайларының қауіпсіздік қызметкерлері 15 қаңтар, сейсенбі күні ереуілге шықпақ. Соған байланысты, аталған әуежайлар жұмысында айтарлықтай үзілістер болуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар
telegram