20:39, 29 Қазан 2009 | GMT +5
Германиядағы Евангелия шіркеуін алғаш рет әйел басқарды
АСТАНА. Қазанның 29-ы. ҚазАқпарат - Германияның евангелиялық шіркеуінің басшысы болып алғаш рет әйел - Ганновердің 51 жастағы епископы Маргот Кесманн (Margot Kaessmann) тағайындалды. Оның кандидатурасы үшін евангелиялық және реформаторлық Синодтың 142 мүшесінің 132-і дауыс берді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат AFP сайтына сілтеме жасап.
Маргот Кесманн Берлин епископы Вольфганг Хуберді (Wolfgang Huber) ауыстырды. Ол Германияның евангелиялық шіркеуін жасының ұлғаюына байланысты қалдыруға мәжбүр болды. Алдағы алты жыл ішінде Кесманн Германиядағы 25 миллион протестанттардың мүддесін білдіретін болады.