Германиядағы химиялық зауытта аса қуатты жарылыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Германиясының солтүстігіндегі Бремен қаласында орналасқан химиялық зауытта аса қуатты жарылыс болды. Бұл туралы сәрсенбі күні Bild газетінің электронды нұсқасында хабарланды.

Германиядағы химиялық зауытта аса қуатты жарылыс болды

«Жарылыс тіпті оншақты шақырымдай қашықтықтан да естілді. Оқиға орнына жақын жерлердегі үйлер зақымданды»,- деп мәлім етті басылымға полиция комиссары.

Газеттің ақпаратына қарағанда, зауыт ғимараты қираған. Тұрғындарға үйлерінен шықпаулары жөнінде кеңес берілді. Қазіргі уақытта апат орнында 300-ге жуық өрт сөндіруші және 60 полицей жұмыс істеуде.