Германиядағы Кельн аймақтық соты сүндетке отырғызуға тыйым салды

АСТАНА. 27 маусым. ҚазАқпарат - Германиядағы Кельн аймақтық соты сүндетке отырғызу салтына тыйым салды.

 Германиядағы Кельн аймақтық соты сүндетке отырғызуға тыйым салды

Соттың пікірінше, кәмелеттік жасқа толмаған балалардың «дене бүтіндігі құқы» заң жүзінде олардың ата-аналарының діни танымынан да салмақты.

«Русская служба ВВС» ақпараты бойынша, соттың шешіміне сәйкес, сүндетке отырғызу отасын тек дәрігерлердің нұсқауы болған кезде ғана іске асыруға болады. Сот аталмыш үкімді мұсылман отбасындағы төрт жасар баланы сүндеттеу сәтсіз аяқталып, оған ауруханада ем қабылдау қажет болғаннан кейін шығарған.

Бұл жаңалық Германиядағы мұсұлмандар мен еврейлердің ашуын тудырды. Ислам мен иудаизмде баланы ерте жастан сүндетке отырғызу діни салт болып табылады, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.