Германиядағы «орман жасөспірімі» 20 жастағы голландиялық болып шықты
АСТАНА. 17 маусым. ҚазАқпарат - Берлинде тоғыз ай бұрын аяқ астынан пайда болған жұмбақ «орман жасөспірімінің» кім екендігі Голландияда анықталды. Өз айтуы бойынша, Рэй есімді жасөспірім әкесімен бес жыл бойы орманда болған.
20 жастағы Робин ван Хельсум голландтық Хенгело қаласынан, ол өткен жылы неміс астанасында пайда болған. Жасөспірімді табуға полицейлердің іздеу жариялаған суреттері көмектескен. Оны Рэй-Робиннің туыстары, бұрынғы сыныптастары мен мұғалімдері таныды. Бұл туралы newsru.com сайтына сілтеме жасап Еуразия. Бірінші арнасы хабарлайды.
«Біз ол 20 жастағы іздеудегі жасөспірім екендігіне 100 пайыз сенімдіміз, өйткені оны өгей анасы еш қиындықсыз таныды. Біз оның отбасымен және достарымен хабарластық. Баланың мойнындағы аты жазылған алқасы айғақ болып табылады. Оның табылғанына қуаныштымыз», - деді Берлин полициясының баспасөз хатшысы.
Айта кетейік, Рэйдің қайда екендігі туралы полицияның түрлі нұсқасы болған. Енді құқық қорғаушылар балаға не әсер еткенін анықтамақшы.