Германиядағы парламент сайлауы: А. Меркель үшінші мәрте сайлуға түседі

АСТАНА. 22 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Германияда бундестаг сайлауы өтеді. Онда алдағы төрт жыл көлемінде мемлекетті кім басқаратындығы анықталады, деп хабарлайды РБК.

Германиядағы парламент сайлауы: А. Меркель үшінші мәрте сайлуға түседі

Сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша 8.00-де (Мәскеу уақыты бойынша сағат 10.00-де) өз жұмысын бастайды. Парламенттегі билік үшін күрес негізінен Пеер Штайнбрюк пен Христиан-демократиалық одақ атынан үшінші мәрте түсіп отырған канцлер Ангела Меркель арасында болады.

Германиядағы сайлау жүйесі аралас түрде өтеді. Мемлекетте барлығы 299 сайлау учаскесі бар.

Сұрастыру барысында А. Меркельдің негізгі бәсекелесінен екі есе басым тұрғандығы анықталды.

Бундестагтағы соңғы 2009 жылы өткен сайлауда Христиан-демократиалық одақ коалициясы жеңіске жеткен болатын.