Германиядағы пойыз апатына диспетчердің ойын ойнауы себеп болған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияда 11 адам қаза тапқан ақпан айындағы пойыздардың соқтығысуына қатысты іс бойынша диспетчер қамауға алынды. Прокурорлар оның ұялы телефонмен ойнағаны темір жолдағы апатқа себепші болуы мүмкін деп сезіктеніп отыр.
Прокуратураның ұсынған мәліметіне сенсек, диспетчер телефонындағы ойынға беріліп кетіп, соның салдарынан пойызға қате белгі берген, содан кейін қауырт нөмірді қате тергендіктен машинистің бірімен байланысқа шыға алмаған.
Теміржол компаниясының қызметкері (аты-жөні жария етілмеген) осы нұсқаны мойындап отыр, деп хабарлайды неміс басылымдары.
Пойыз апаты 9 ақпан күні Мюнхеннен 60 шақырым жерде Бад-Айблинг курорт қаласына жақын тұста орын алған. Апат салдарынан жүздеген жолаушылар жарақаттанды. Бір пойыз рельстен шығып кетіп, бірнеше вагон аударылып қалды.
Екі пойызда сағатына 100 шақырым жылдамдықпен келе жатқан. Әрі екі машинисте бұрылыста келе жатқандықтан бір бірімен көрмеген.