Германиядағы “Vattenfall Cyclassics” жарысында американдық спортшы жеңімпаз атанды
АЛМАТЫ. Тамыздың 17-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Дирк Демолдің жетекшілігімен кеше Германияның Гамбург қаласында өткен "Vattenfall Cyclassics" жарысына қатысқан "астаналықтар" жүлдеге ілінбей қалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат клубтың интернеттегі сайтына сілтеме жасап.
216,4 шақырымдық бұл жарыста мәре сызығын Tайлер Фаррар (Тyler Farrar) бірінші боп кесіп өтті. Ал "астаналықтардан" Томас Вайткус 26-шы, Максим Иглинский 36-шы, Михаил Шор 41-ші, Григори Раст 59-шы, Дмитрий Муравьев 78-ші, Валерий Дмитриев 86-шы, Роман Керев 127-ші боп келді. Дирк Демоль енді өз ұжымындағы Грегори Раст, Дмитрий Муравьев пен Томас Вайткустың қатарына Андреас Клёден, Андрей Зейц, Болат Райымбеков, Сергей Ренев пен Стив Морабитоны қосып тамыздың 18-25 күндері Нидерланды мен Бельгияда өтетін "Eneco Tour" жарысына қатыспақ.