Германияға Ауғанстаннан 110 жастағы босқын келді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияға босқындар тобымен бірге ауған зейнеткері Абдул Қадыр Әзизи де келіп жетті. Ер адам жасы 110-да екенін мәлім еткен, деп жазады epochtimes.ru.
None
None

Ұзақ жасаған қария сегіз туысымен бірге келген. Құжаттарының болмағанымен, 1905 жылы дүниеге келгенін айтып отыр.

Жасының ұлғаюына байланысты ер адам есту және көру қабілетінен айырылған, бірақ бұл оның сегіз ай бойы саяхат жасауына кедергі болған жоқ. Осы уақытта Әзизидің отбасы алты мың шақырым жерді артқа салып, ондаған шекарадан өтті. Жолдың көп бөлігінде туыстары қартты көтеріп келген.

Қарттың 60 жастағы қызының айтуынша, ол Ауғанстаннан «Талибан» содырларының оның үш үлкен ұлын өлтірген соң көшіп кетуді шешкен.

Неміс билік көздері қартты елде орналастыру құжаттарын дайындап жатыр. Ер адам Германияның бүкіл тарихында жасы ең үлкен босқын атанды.

Фото: pixabay.com/ CC0 Public Domain

Соңғы жаңалықтар