Германияға жаңа әскери одақ құру ұсынылды
АСТАНА. KAZINFORM – Германияда АҚШ-тан тәуелсіз жаңа әскери одақ құру туралы ұсыныс айтылды — хабарлайды m.gazeta.ru сайты.

Германияның ірі экономикалық орталықтарының бірі болып саналатын Гессен федералды аймағының басшысы Борис Райн Еуропаға АҚШ-тан тыс өзінің әскери одағын құруды ұсынды.
Ол Ресейге тосқауыл қойып, «қорқыту» мақсатында ядролық арсеналды қолдануға болатындығын атап өтті.
«Жалпы қорғаныс үшін, Еуропалық ядролық қолшатыр ретінде, шекара қауіпсіздігі мен біздің маңызды инфрақұрылымымызды қорғау мақсатында қауіпсіздік жағынан күшті Еуропалық одақтың болғанын қалаймыз» — дейді Райн.
Оның айтуынша, бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин «Ресей мен Еуропа арасындағы қарым-қатынасты өзі бұзбағанын, керісінше Еуропа елдері Ресей Федерациясының мүддесін ескермеді» деп мәлімдеме жасаған. Путин сонымен қатар Ресей Федерациясы АҚШ-пен қарым-қатынас орнатуға дайын екенін айтты, алайда оған әлі қолайлы жағдай жоқ.
«Сондай-ақ, Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавров "Примаков оқулары" Халықаралық ғылыми-сараптамалық форумында Ресей Еуропаның экономикалық "төңкерістеріне" тәуелді болуды қалай тоқтату керектігі туралы ойлануы керек деп мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір Еуропамен қарым-қатынасты қалпына келтіру жолдары туралы ойлаудың қажеті жоқ» — дейді Райн өз мәлімдемесінде.