Германиялық азаматша 400 мың еуроны суға ағызып жіберген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Германиядағы Эссен қаласының тұрғыны лотереядан ұтқан ақшасын түгелімен суға ағызып жіберген.

Германиялық азаматша 400 мың еуроны суға ағызып жіберген

Енді Эссеннің кәріз жүйелерінде 400 мың еуро ақша қалқып жүр. Ангела Майер өзінің ұтысын сол күні бірнеше шыны аққайнармен атап өткен көрінеді. Кейін оған күйеуі қайтыс болған пансионаттан дәрігерлердің қызметі үшін төленуі тиіс есепшот келген. Бұл жағдай Майерді қатты ашуға итерсе керек, ол 400 мың еуроны кәрізге ағызып, одан құтылуды шешіпті. Қазіргі уақытта Эссен соты осы оқиғаға қатысты істі қарауда. Бұған А.Майердің пансионат алдындағы қарызын өтемеуі себеп болып отыр. Сотта талқылау барысында неміс азаматшасы бұл қадамын берешегін төлеуден жалтару үшін жасады деген пікір айтылды. Дегенмен, судья қаражаттың көзін жоюға дәл осы себеп итергені жөнінде нақты дәлел жоқ деп отыр. Бүгінгі таңда А.Майер пансионатқа тек 4 мың доллар төлеуге келіскен.