Германияның солтүстігінде құс тұмауы өршіп барады

АСТАНА. KAZINFORM – Қанаттыларда кездесетін H5N1 вирусы Германияның федералдық аумағы саналатын Мекленбургте – Алдыңғы Помераниядағы екі құс фермасында анықталды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі DW-ге сілтеме жасап.

құс тұмауы
Фото: Азертадж

Енді бұл фермалардағы 150 мың тауық жойылуы тиіс, деп жазды Tagesschau Германияның Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкіліне сілтеме жасап.

Күздің түскелі осы аймақта үй құстары арасында құс тұмауының бес ошағы тіркелді, ал жыл басынан бері мұндай жағдайлардың жалпы саны тоғызға жеткен. H5N1 вирусы сондай-ақ жабайы құстарда, әсіресе тырналарда жиі анықталып жатыр.

Жергілікті Ауыл шаруашылығы министрлігі құс өсіруші фермерлерді ерекше қырағылық танытуға шақырды. Атап айтқанда, егер тауықтар жиі өле бастаса, азық пен суды аз ішсе немесе жұмыртқа салуы нашарласа, дереу ветеринарлық қызметке жүгінуге кеңес берілді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Павлодар аймағында жоғары патогенді құс тұмауы таралуы мүмкін екеніне жазғанбыз.

Ал маусым айында Қазақстан жоғары патогенді құс тұмауынан таза ел мәртебесіне ие болған.

Соңғы жаңалықтар