Германияның экс-президенті жемқорлық бойынша айыпталып отыр

АСТАНА. 13 сәуір. ҚазАқпарат - Германияның тергеу органдары осы елдің бұрынғы президенті Кристиан Вульфке жемқорлыққа қатысты айып тағып отыр. Бұл туралы ВВС-дің орыс қызметі хабарлады.

Германияның экс-президенті жемқорлық бойынша айыпталып отыр

Вульфті Төменгі Саксония федералдық жерінде премьер-министр лауазымында болғанда бір неміс кинопродюсерінің мүддесіне лобби жасады деп айыптап отыр.

Ал экс-президент продюсерге фильм өндірісі үшін қаржы табуға көмек көрсеткенін және бұнда заңнамаға қайшы еш әрекет жоқ екенін алға тартқан көрінеді.

Осы аптада Вульф істі айыппұл төлеу арқылы шешу жөнінде прокурорлардың ұсынысынан бас тартып, өзінің абыройын сотта қорғағысы келетінін атап өткен еді.