Германияның солтүстігінде A/H1N1 тұмауының салдарынан мектептер жабылуда
деп хабарлайды ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі.
Солтүстік Рейн-Вестфалия жерінің Дюссельдорфтағы денсаулық сақтау министрлігінің өкілі хабарлағанындай, Кельн, Кройтал, Унна қалаларындағы бірқатар мектептер жабылғаннан кейін, жаңа тұмау фактілері тіркелген бірнеше шағын қалада тағы төрт мектеп жабылуда.
Шолушылар, Солтүстік Рейн-Вестфалия жерінің үкіметі A/H1N1 тұмауының таралуының алдын алу шарасы ретінде жазғы демалысты ұзартудан бас тартқанын еске салып отыр. Қазіргі уақытта Солтүстік Рейн-Вестфалия жерінде, денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, ересектер мен балалардың A/H1N1 вирусын жұқтыруының 5 105 оқиғасы тіркелген. Ал жалпы Германияда 16 261 адамнан вирус анықталып отыр.