Германияның түрме қызметі түзеу мекемелерінде адам құқықтарының сақталу мәселесі бойынша тәжірибе бөлісуде

АСТАНА. Наурыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Ғалымжан Хасенов/ - Бүгін Әділет министрлігінде түзеу және қылмыстық жазаны орындау мекемелерінде адам құқықтарының сақталуы саласындағы халықаралық тәжірибелерді зерттеуге арналған екікүндік семинар басталды,

Германияның   түрме  қызметі    түзеу мекемелерінде  адам  құқықтарының сақталу мәселесі бойынша   тәжірибе бөлісуде

деп хабарлады Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметінен.

Семинар бағдарламасы бойынша Германияның түрме қызметінің ғылыми зерттеулер және еуропалық жобалар жөніндегі департаментінің директоры доктор Франк-Ульрих Айхорн Германиядағы түрмеде отырған азаматтардың құқықтарының сақталуы және осы саладағы мемлекеттік және қоғамдық институттардың жұмыс тетіктері туралы әңгімелеп береді.

Ал Германияның түрме қызметі департаментінің директоры доктор Сюзанна Герлах, Германияның қылмыстық-атқару қызметінің қазіргі заманғы жүйесі туралы тақырыпты ашып, семинарға қатысушыларды заңнамалық базалармен және кәмелетке толмағандар мен әйелдерге қатысты заңнамалық базалардың орындалу ерекшелігімен таныстырады.