Германияның вице-канцлері Brexit салдарынан Путинмен кездесуді кейінге қалдырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей президенті Владимир Путин мен Германияның вице-канцлері Зигмар Габриэльдің келесі аптадағы кездесуі өтпейтін болды, деп хабарлады Кремльде. Габриэль Brexit салдарынан Мәскеуге сапарлаудан бас тартты, деп хабарлады РБК.
None
None

Кремльде Ресей президенті Владимир Путиннің Германияның вице-канцлері, экономика министрлігінің басшысы Зигмар Габриэльдің кездесуі вице-канцлердің Brexit салдарынан Мәскеуге барудан бас тартуы салдарынан өтпейтінін растады. ​«Бұл рас», - деді «РИА Новости» агенттігіне Ресей президентінің баспасөз хатшысы  Дмитрий Песков тиісті сұраққа жауап бере отырып.

Осыған дейін Германияның экономика министрлігінің өкілі «Ұлыбританиядағы соңғы оқиғалар мен шараларға байланысты ол  (Габриэль) алдағы аптаның басында Ресейге бармайтынын» хабарлаған.

Вице-канцлер Ресей президентімен кездесу үшін Мәскеуге баратыны жайлы 21 маусымда  Rheinische Post неміс газеті ГФР үкіметіндегі ақпарат көзіне сілтеме жасап хабарлаған болатын. Бұл ағымдағы жылғы екінші кездесу болуы тиіс еді.  Осыған дейін Путин мен Габриэль 2015 жылдың қазанында  Ново-Огаревода кездесті.

«Коммерсантъ» жазғандай, Габриэль Nord Stream-2 газ құбырының құрылысына  бақылау жасайды.  Газета соңғы кездері Германия  Nord газ құбыры жобасы жүзеге асуы үшін Еуроодақтағы саяси жағдайларды жасау бойынша белсенді бола түскенін еске салды.

23 маусымда Ұлыбританияда референдум өтті. Оның қорытындысы бойынша дауыс берушілердің 51,9% корольдіктің Еуроодақтан шығуына дауыс берді.

Германия канцлері Ангела Меркель дүйсенбі күні 27 маусымда Берлинге Еуропалық кеңес  президенті Дональд Туск, Франция президенті Франсуа Олланд пен Италия премьер-министрі Маттео Ренци жағдайды талқылау үшін баратынын мәлімдеді. 

Соңғы жаңалықтар