Германияның Жүрек орталығынан келген кардиолог-дәрігерлер қазақстандық әріптестері үшін шеберлік сыныптарын өткізеді
АСТАНА. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - Астанаға «Өткiр күре тамыр синдромы. Шұғыл қалалық стационар жағдайында диагностика жасау және емдеу» тақырыбында шеберлік сыныптарын өткiзу үшiн Германиядан жетекші кардиологтар келді,
деп хабарлайды Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, Дрезден қаласының Кардиохирургиялық клиникасы Жүрек орталығының бас кардиологы, профессор Стефен Шен және профессор Клаус Матчк онлайн режимінде ота жасап, қазақстандық әріптестері үшін өз тәжірибелерімен бөліседі. Сонымен қатар неміс профессорлары күретамырдың өткiр синдромын анықтау және емдеудің заманауи шешімдері тақырыбында дәрiс оқиды деп жоспарланған.
«Күретамырдың өткiр синдромына шалдыққандарға шұғыл кардиология, кардиохирургиялық дәрiгерлiк жәрдем көрсету сапасын жақсарту үшiн Астанадағы кардиология және кардиохирургиялық қызметтердің 60-қа тарта дәрiгерін халықаралық стандарттарға сәйкес оқыту жоспарлануда», - делінген хабарламада.