ГЭС орналасқан ауданда жер сілкінісі болды - Тәжікстан
АСТАНА. Тамыздың 4-і. ҚазАқпарат - Тәжікстанның оңтүстік-шығысында күші 5 балдық жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпуі елдегі ең ірі Нұрек су-электр стансасына жақын маңда тіркеліп отыр.
Рогун қаласының тұрғындары мен қаланың іргесінде салынып жатқан ГЭС құрылысшылары да күші 4 балдық жерасты дүмпулерін сезген, деп хабарлайды ВВС радиостансасы.
Қираулар туралы әзірге ақпарат түскен жоқ