Гейдар Әлиевтің өмірі туралы трилогия түсіріліп жатыр

АСТАНА.  27 шілде. ҚазАқпарат - Әзірбайжанда республиканың үшінші президенті Гейдар Әлиев туралы көркем фильм түсірілуде.
None
None

Бұл жайында «Әзірбайжан жаңалықтары» агенттігі хабарлайды.

Жобаның жұмыс атауы - «Ең қарапайым фамилия». Агенттіктің нақтылай түсуінше, фильм трилогияның бірінші бөлімі 2013 жылдың мамырында дайын болады. Картинаны түсіруді «Әзірбайжанфильм» киностудиясы осы айдың ортасында бастап та кеткен. Дегенмен, фильмнің түсіріліп жатқандығы енді ғана белгілі болып отыр. 

SalamNews мәліметтері бойынша, туынды сценарийі әзербайжан парламентінің депутаты Эльмира Ахундованың «Гейдар Әлиев» және «Тұлға және дәуір» кітаптары негізінде жазылған. Фильм режиссері - Рамиз Фаталиев.

Көркем туындыны түсіру жұмыстарына Әзірбайжан, Ресей, Украина және Грузия кинематографистері тартылған. Түсіру жұмыстары шамамен жарты жылға созылып, Нахычеван, Мәскеу, Санкт-Петербор және Рига қалаларында жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар