ГФР-де Еуропаны исламдандыруға қарсы акциялар өтіп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - PEGIDA (Еуропалық-патриоттар Ежелгің Дүниені исламдандыруға қарсы) исламға қарсы қозғалысының шеруі сенбі күні Кельнде 1,3 мың адамды жинады, сондай-ақ бұған қарсы «Кельн оңшылдарға қарсы» акциясына да сонша адам келді, деп хабарлады РИА Новости.

ГФР-де Еуропаны исламдандыруға қарсы акциялар өтіп жатыр

Полиция өкілінің айтуынша, акциялар өтіп жатқан жерді 1700 полицей торуылдауда, онда жағдай қалыпты өтіп жатыр. Алайда Kölner Stadt-Anzeiger газеті алғашқы қақтығыстар туралы хабарлайды, атап айтқанда PEGIDA белсендісі телеоператорға шабуыл жасаған.

Қазіргі кезде полицейлер әртүрлі акцияларға қатысушылар арасында қақтығыстарға жол бермеуге тырысуда.

1 қаңтарға қараған түнде Кельнде мигранттар мен босқындар қаланың орталығында Жаңа жылды мерекелеп жатқан Германия азаматтары мен азаматшаларына жаппай шабуыл жасаған. Қазіргі кезде полиция зардап шегушілерден 200-ден астам шағым қабылдаған, ұрлық, дене жарақаттарын салу және зорлау жөніндегі баптар бойынша қылмыстық істер қозғалды.