ГФР-дың бұрынғы Федеральды канцлері: Қазақстан қоғамының батыл да қарыштап дамуы Н.Назарбаевтың атымен байланысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Германияның бұрынғы Федеральды канцлері Герхард Шредермен телефон арқылы әңгімелесті.

ГФР-дың бұрынғы Федеральды канцлері: Қазақстан қоғамының батыл да қарыштап дамуы Н.Назарбаевтың атымен байланысты

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Әңгімелесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевты ГФР-дың бұрынғы Федеральды канцлері туған күнімен құттықтап, денсаулық және жаңа табыстар тіледі.

Герхард Шредер Қазақстан қоғамының батыл да қарышты дамуы, кең ауқымды реформалар және ұлттың әл-ауқатының артуы Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен байланысты екеніне назар аударған.

Телефон арқылы әңгімелесуге герман тарапы бастамашы болды.