ГФР экс-канцлері Гельмут Шмидт ауруханаға түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияның бұрынғы канцлері Гельмут Шмидт елдің солтүстігінде орын алған аптап ыстық жағдайында ағзаның сусыздануына байланысты ауруханаға жатқызылды, деп хабарлады немістің Die Zeit газеті.
None
None

Басылым деректерінде ГФР экс-канцлері Гамбург ауруханаларының біріне жатқызылғаны айтылады. "Абырой болғанда, өміріне еш қауіп жоқ", - деп атап өтті аурухананың бас дәрігері Карл-Хайнц Кук.

Шмидт жүрекке қатысты проблемамен жатқызылған, алайда оның өзін-өзі жайсыз сезінуіне ағзасының сусызданғаны себеп болғаны анықталды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум