GGG Альвареспен реваншта үлкен сыйлық жасауға уәде етті
АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA/WBC/IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Сауль Альвареспен өтетін реваншқа қатысты болжам жасаудан тартынды. Бірақ қызықты жекпе-жек болатынына уәде етті, деп жазады Sports.kz.
«Мен осында тұрғаным үшін бақыттымын және 5 мамырда Вегаста рингке шығамын. Бұл тарихта қалу үшін берілетін мүмкін. Менің мықты қарсыласым бар - «Канело» Альварес. Маған қолдау білдіріп жатқандарға алғыс айтамын. Мен өткен жолғы жекпе-жек туралы айтқым келмейді. Екінші рет қадам жасап, келесі айқасқа өтпекпін. Адамдарға үлкен, тіпті аса үлкен сыйлық жасамақшымын - тарихи жекпе-жек сыйлаймын. Бұл айқастың маңызды екендігін және керемет шоу болатынын барлығы түсінеді. Менің ешқандай болжамым жоқ. Тек Вегасқа Синко де Майоға келіңіздер», - деді боксшы баспасөз мәслихатында.