«GGG» Альваресті алғашқы айқас алдында допинг пайдаланды деп айыптады

АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA/WBC/IBF/IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин 16 қыркүйек күні өткен алғашқы жекпе-жекте оның қарсыласы Сауль Альварестің тыйым салынған заттардан «таза» болғанына күмән келтіруде, деп хабарлайды Sports.kz.  

«GGG» Альваресті алғашқы айқас алдында допинг пайдаланды деп айыптады

Бұдан бұрын 17 және 20 ақпанда алынған екі допинг-сынамада «Канелодан» кленбутерол табылған еді. Бірақ кейін мексикалық боксшы үш рет қосымша тест тапсырып, одан ешқандай допинг ізі табылмады.

«Оның бұлшықеттерінен инъекцияның іздері айқын көрініп тұрды. Суретке қарап, дәрігерлерден сұраңыз», - деп келтіреді Los Angeles Times журналисі Лэнс Пагмайр GGG-дің сөзін.

Головкин мен Альварестің реваншы 5 мамырда Лас-Вегаста өтеді.

Еске салайық, наурыз айының басында Сауль Альварестен алынған допинг сынамалардың бірінен тыйым салынған препарат табылды. Оның мүддесін қорғайтын Golden Boy промоутерлік компаниясы боксшының қан құрамынан тыйым салынған препарат - Кленбутерол табылғаны туралы ақпаратты растаған болатын.

Ал кеше Головкин допинг дауынан кейін «Канелоға» айқасуға тыйым салынса, келесі жекпе-жегін кіммен өткізетінін айтты.