GGG-Canelo-2 жекпе-жегінің промо-ролигі жарияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің көптен күткен екінші жекпе-жегінің промо-ролигі ғаламторға жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Еске салайық, бокс кеші 15 қыркүйек күні Лас-Вегастың заманауи көпфункциялы ойын-сауық орталығы - «T-Mobile Arena-да» өтеді. Кешенге 20 мың адам сыяды. Бұған дейін жекпе-жекті тікелей эфирден Қазақстанда 16 қыркүйек күні таңертең «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары көрсететіні хабарланған болатын.
Бұдан тыс, Golden Boy Promotions компаниясы Головкин - Альварес бокс кешінің андеркардында тағы кімдер кездесу өткізетінін мәлімдеген.