«GGG-Канело» жекпе-жегі аяқталды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Лас-Вегастағы T-Mobile Arena стадионында өткен Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы 12 раундтық бокс жекпе-жегі аяқталды. Ендігі кезек төрешілерде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сонымен «GGG» мен «Канело» арасындағы үшінші кездесу мәресіне жетті.
Аса тартысты өткен айқастың алғашқы раундтарында Альварестің басымдығы сезілді. Екінші және бесінші раундта жасаған қауіпті соққылары Голвокиннің жанкүйерлеріне алаңдатып-ақ тастады. Тіпті бесінші раундтан кейін төрешілердің бәрі мексикалықтың басым түсіп жатқанын тіркеді.
12 раундты түгесіп барып аяқталған айқастың қорытындысын төрешілер шығарады.