GGG кәсіпқой бокстан кетпейтінін мәлімдеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Лас-Вегастағы T-Mobile Arena стадионында өткен жекпе-жектен кейін Геннадий Головкин кәсіпқой бокстан кетпейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мексикалық Сауль Альварестен екінші рет жеңіліс тапқаннан кейін қазақстандық боксшы Геннадий Головкин кәсіпқой бокстан әлі кетпейтінін мәлімдеді.

«Кәсіпқой бокстағы мансабың әрі қарай жалғаса ма?», - деп сұрады кеш жүргізушісі айқастан кейінгі сұхбатта.

«Әрине, менің үлкен жоспарларым бар. Көздеп жүрген қарсыластарым көп. «Канелоны» және бүкіл бокс жанкүйерлерін құттықтаймын. Жігіттер, естеріңде болсын, менің орта салмақта үш белбеуім бар. Мені әлі ораламын. Мені әлі де болса чемпионмын»,- деді Головкин.

Еске салсақ, Головкин boxingnews24.com сайтындағы сұхбатында жанкүйерлер қаласа, Сауль Альвареспен төртінші жекпе-жеккеде шығуға әзір екенін мәлімдеген.

Головкин-Альварес бокс кешінде қазақстандық өнер көрсетіп, 27 жастағы Әли Ахмедов америкалық Габриэль Росадоны (26-15-1, 15КО) жеңді.





Фото: sports.kz


Соңғы жаңалықтар