GGG не себепті Джейкобс пен «Канелоның» айқасын іш пыстырарлық деп бағалады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Журналистер Геннадий Головкиннен Сауль Альварес (52-1-2, 34 КО) пен Дэниэль Джейкобс (35-3, 29 КО) арасындағы жекпе-жекті «іш пыстырарлық спарринг» деп атауының себебін сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

GGG не себепті Джейкобс пен «Канелоның» айқасын  іш пыстырарлық деп бағалады

«Ол жекпе-жек жоғары сапалы спарринг сияқты болды. Drama Show дейтіндей ештеңесі болған жоқ. Айқастың сапасы жақсы болды, бірақ жеңіл-желпі өтті. Ол тек мен үшін ғана емес, жұрттың бәрі үшін де қызықсыз болды - аренаны бәріңіз де естідіңіздер. Сол кеште екеуі де іш пыстырардай жүрді. Кәсіпқой боксшы ымырасыз айқасты бірден таниды», - дейді Головкин.

Еске сала кетейік, 4 мамыр күні Лас-Вегастағы (АҚШ) T-Mobile Arena-да Альварес Джейкобсты төрешілердің шешімімен жеңген болатын.