GGG промоутері «Канеломен» үшінші айқас жайында мәлімдеме жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Промоутер Том Леффлер Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің үшінші жекпе-жегі бұрынғы чемпионға қарағанда мексикалық боксшыға көбірек қажет екенін айтты, деп жазады Sports.kz.

GGG промоутері «Канеломен» үшінші айқас жайында мәлімдеме жасады

Боксшылардың алғашқы айқасы тең нәтижемен аяқталса, екінші айқаста төрешілер жеңісті Альвареске берген болатын.

«Геннадий «Канеломен» жекпе-жекке әрдайым дайын. Біз Головкин оны екі рет жеңді деп санаймыз. Үшінші рет айқас өткізбеуге ешқандай себеп жоқ. Сондай-ақ, біз бұған GGG-ге қарағанда «Канело» мүдделі деп есептейміз. Себебі, Сауль өз жанкүйерлеріне әділ және адал түрде жеңгенін дәлелдеуі керек.

Алғашқы айқас жақсы болды, екіншісі одан да керемет. Үшінші жекпе-жек бәрінен де қызықты болады деп ойлаймын. Оны жасай аламыз ба, көреміз. Мен Golden Boy Promotions президенті Эрик Гомеспен үнемі байланыстамын. Трилогияны ұйымдастыра аламыз ба, көре жатармыз», - деді Леффлер ESPN Deportes-ке берген сұхбатында.