Ғибадат кезінде епископты пышақтап кетті

АСТАНА.  Тамыздың  24-і.  ҚазАқпарат -  Беларустың    Могилев қаласында,   Үш  әулие    атындағы  шіркеуде   Могилев   және  Мстислав  Софрония  епископына   қастандық жасалды, 

Ғибадат   кезінде епископты   пышақтап кетті

деп   хабарлайды  РБК агенттігі.  Белгісіз      біреу  епископқа екі рет   пышақ  сұққан.

Куәгерлердің  хабарлауынша,  жексенбі  күні  таңертең   ғибадат  басталардың алдында епископ    храмға кірген.   Мінәжат етушілерге бата  беруге бұрылған   кезде  оған   бір  ер азамат жақындап,      екі  рет пышақ  сұққан.  Екінші соққыдан  епископ  қолымен   қорғанып үлгеріп,  пышақ  оның    қан тамырларын  кесіп кеткен.

Зардап шегуші    қалалық  ауруханаға  ауыр жағдайда түсіп,   жедел  операция жасалды.   Қазір ол   жансақтау бөлімінде  жатыр.

 Ал  қастандық жасаушыға келер болсақ,  оны мінәжат етушілер  ұстап алған.  Қазір  ол   қамауда  отыр.  Тергеу амалы  жүргізілуде.