Гидротехник жергілікті әкімдіктер жіберген объективті 2 кемшілікті атады

АСТАНА. KAZINFORM – Гидротехник Аманбек Рамазанов жергілікті әкімдіктердің көктемгі су тасқынына дайындық барысында жіберген объективті 2 кемшілігін атады.

гидротехника
Фото: Kazinform

«Жергілікті әкімдердің көктемгі су тасқынына дайындық барысында жіберген субъективті кемшіліктері туралы мәліметім жоқ. Мәселен, кейбір әкімдер қар шығаруды уақтылы ұйымдастырмауы ықтимал. Не болмаса су тасқынына қарсы қорғаныс бөгеттерін уақтылы нығайтпаған, өзендердегі мұз кептелістерін жою шараларын қарастырмаған шығар. Оны білмеймін. Сондықтан ештеңе айта алмаймын. Ал объективті кемшіліктерге келетін болсақ, меніңше, олар – екеу. Бұған қоса екеуі де жүйелі кемшілік», - деді су шаруашылығының маманы.

Оның айтуынша, бірінші кемшілік - көктемгі су тасқынына кеш дайындық. Екіншісі - жаһандық климаттың өзгеруі және оған бейімделу қажеттілігі туралы көп айтылғанымен нақты бейімделу шараларын қолданбау.

«Бірінші кемшілікке тоқталар болсам, су тасқынына дайындықтың бәрі қыстың соңында жүргізіледі. Бұл кезде су тасқынынан туындайтын зиянды азайтуға немесе адамдарды құтқаруды ұйымдастыруға ғана болады. Айта кетейін, бұл тұрғыда Төтенше жағдайлар министрлігіне немесе жергілікті атқарушы органдарға еш шағымым жоқ. Бірақ, өкінішке орай, мұндай тәсілмен табиғи апаттың алдын алу мүмкін емес. Ал екінші кемшілікке келер болсам, климаттың өзгеруіне байланысты қиындықтарға дайын емеспіз. Дәл осы жылдың қысы ерекше (қыс басында қардың аз жаууы, жаңбырмен араласқан қар жамылғысының пайда болуы және қыстың аяғы мен көктемнің басында қатты жауын-шашын) болғанын бағаламау себебінен осындай үлкен су тасқыны орын алды. Соның солдарынан халқымыз азапқа түсіп отыр», - деді Аманбек Рамазанов.

Соңғы жаңалықтар