Гидротехникалық құрылыстардың тек 20 пайызы ғана мемлекет меншігінде - Б.Бекнияз

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы гидротехникалық құрылыстардың тек 20 пайызы ғана мемлекет меншігінде. Бұл туралы бүгін ҚР АШМ Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Болат Бекнияз мәлім етті.

Гидротехникалық құрылыстардың тек 20 пайызы ғана мемлекет меншігінде - Б.Бекнияз

Жалпы, аталған ведомство ақпаратына қарағанда, қазіргі уақытта құқықтық, қаржылық және басқа да мәселелердің кешенді шешілмеуі салдарынан еліміздегі гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасы ету маңызды мәселеге айналып отыр. Еліміздегі гидротехникалық құрылыстардың 49 пайызы коммуналдық меншік, ал 31 пайызы жекеменшік иелігінде тұр. Олардың басым бөлігі жаңғыртылмаған не болмаса жөнделмей өз ресурсын толығымен пайдаланған қауіптігі жоғары нысандар болып отыр.

«Мемлекет меншілігіндегі барлық гидротехникалық құрылыстар Су ресурстары комитетінің тұрақты бақылауына алынған. Бізде Қазақстанның барлық өңірлерін қамтитын филиалдары бар қуатты пайдаланушы ұйым бар және ағымдағы жылғы көктемгі су тасқынын біздің құрылыстар орналасқан өзендерді төтенше жағдайсыз өткіздік. Ал біздің гидротехникалық құрылыстар жоқ өзендерде төтенше жағдай сипатындағы проблемалар орын алды»,- деді Б.Бекнияз.