Гилді жеңген Котто 17 миллион долларды қалтаға басады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дэниэль Гилмен кездесу танымал музыкалық орындаушы Шон Картер (Jay-Z) басқаратын Roc Nation промоутерлік компаниясының ірі келісімшарты аясындағы Мигель Коттоның алғашқы жекпе-жегі, деп хабарлады Vesti.kz.
Бұдан бұрын мәлім етілгендей, Котто үш айқасы үшін 50 миллион доллар алады. Яғни, оған әр жекпе-жегі үшін шамамен 17 миллион доллардан төленеді. Осының біріншісі Гилмен болған жекпе-жек. Бұл пуэрторикандық боксшының мансабындағы ең тиімді, кірісті келісім. Ал Коттоның Сауль «Канело» Альвареске қарсы жекпе-жегі де оның соңғы жылдардағы ақысы ең жоғары айқастарының бірі болмақ.
Еске салсақ, Котто Гилді төртінші раундта нокаутқа жіберіп, 40-шы жеңісін еңсерді (33 нокаут), төрт рет жеңілген. Гилл 31 рет жеңіп (16 нокаут), 4 рет жеңілген.