Ғылыми жоба гранттары қандай салаларға беріліп жатыр

Почти 1,5 млрд тенге на безвозмездные гранты выдадут жителям Жамбылской области
Фото: агентство Kazinform.

АСТАНА. KAZINFORM – Ғылым және жоғары білім министрлігі Kazinform сауалына жолдаған жауабында ғылыми жоба гранттары қай салаларға кетіп жатқаны туралы мәлімет берді.

«Қазіргі таңда 2022 және 2023 жылдары өткізілген конкурстардың қорытындысы бойынша, ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті коммерцияландыру жобаларын грант арқылы қаржыландыру аясында экономиканың басым бағыттарында 137 жоба іске асырылып жатыр», - делінген жауапта.

Оның ішінде агроөнеркәсіп кешені мен ауылшаруашылық шикізат өңдеуге бағытталған 52 жоба қолға алынған.

Сондай-ақ, цифрландыру саласында – 14 жоба, машина жасауда – 11 жоба, өңдеу өнеркәсібінде – 11 жоба, экологияда – 11 жоба, химия өнеркәсібінде – 9 жоба, денсаулық сақтау саласында – 8 жоба, геологиялық барлау, табиғи пайдалы қазбалар өндірісінде – 4 жоба, энергетика кешенін жаңғыртуда – 4 жоба, сапалы білімге арналған 3 жоба, жеңіл өнеркәсіп саласында – 2 жоба, металлургия, металл өңдеуде – 2 жоба, ұлттық қауіпсіздікті нығайту саласында – 2 жоба, мұнай-газ-химия саласында – 1 жоба, мемлекеттің бағдарламаларда көзделген басқа да салаларда – 3 жоба грант арқылы іске асырылып жатыр.

Соңғы жаңалықтар