Ғылыми жобалардың 70%-дан астамы мақалалар мен кітаптар шығарумен аяқталады - Антикор

АСТАНА. KAZINFORM - Миллиардтаған долларлық инвестицияға қарамастан, ғылыми жобалардың 70%-дан астамы практикалық пайда әкелмей, мақалалар мен кітаптар шығарумен аяқталады. Бұл туралы Антикорда Білім және ғылым саласындағы жемқорлық тәуекелдерін жою бағытында өткен жиында айтылды.

наука лаборатория экспертиза ученые ғылым зертхана сараптама ғалымдар
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Жиында жобаларды іріктеу процесі ашық емес, олардың сараптамасы формальді түрде жүргізілетіні, нақты нәтижелер үшін жауапкершілік жоқ екені айтылды. 

Сонымен қатар 2016 жылдан бастап мемлекет ғылыми жобаларды коммерцияландыруға шамамен 32 млрд теңге жұмсады, олардың едәуір бөлігі мәлімделген мақсаттарға қол жеткізе алмады.

Нақты ғылыми жұмыстың орнына қаражат зерттеулерге байланысты емес шығындарға кетеді, жоба бюджеттері негізсіз көтеріледі.

Ғылыми тағылымдамаларға гранттар беру мәселелерінде де елеулі жемқорлық тәуекелдері анықталды.

Бұған дейін бюджетті жоспарлау және игеру кезеңдерінде педагогтердің еңбегіне ақы төлеу қорынан қаражат жымқырудың жүйелі фактілері ашылғаны туралы хабарладық.




Соңғы жаңалықтар