Гималайда 7400 метр биіктікте қалған альпинист қыз құтқарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Гималайдың Нанга-Парбат шыңындағы аса қауіпті беткейлердің бірінде жоғалып кеткен француз Элизабет Револь ұзаққа созылған іздеуден соң табылды. 

Гималайда 7400 метр биіктікте қалған альпинист қыз құтқарылды

Ауа райының қолайсыздығынан екінші альпинисті іздеу жұмыстары тоқтатылды, деп хабарлайды Euronews.

26 қаңтарда Польша және Франция альпинистері Томаш Мацкевич пен Элизабет Револь Гималайдың солтүстік батысындағы шыңдарының бірінде, 7400 метр биіктікте қарға малтығып қалған.

Альпинистер түнді сонда өткізіп, ертесіне төмен түсуге әректтенген. Бірақ мұның сәті түспеген.

Билік орындарының мәлімдеуінше, Пәкістанның тікұшақтары жексенбіде, күндіз 6700 биіктікте жоғалған альпинистерді байқайды. Оларды құтқаруға сол маңдағы польшалық альпинистер аттанған.

Нанга-Парбат таулары  әлемдегі ең қауіпті шыңдардың бірі.  Өткен жылы маусым айында оны бағындырмақ болған екі альпинист ажал құшқан болатын.