Гималайда 8 бал жер сілкінісі болады деп күтілуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - Гималайда кез келген сәтте 8.0 магнитудалы қуатты жер сілкінісі орын алуы мүмкін. Ол Гималай сілемін толықтай жойып жіберуі мүмкін, деп хабарлайды planetanovosti.com. 4 қаңтарда үндістандық Манипур штатында сезілген ірі жер асты дүмпулерінен кейін Үндістан Ішкі істер министрлігінің сарапшылары осындай ескерту жариялады.
Индостан мен Бирман тектоникалық қыртыстарының соқтығысуы салдарынан қазіргі сәтте өңірде соңғы бірнеше он жылда болмаған ірі сейсмикалық оқиға қаупі артып отырғаны байқалуда. Бұрынғы жер асты дүмпуі салдарынан жарылған плиталарды дүйсенбідегі тектоникалық қозғалыс ажыратып жатыр.
Мамандар апат V аймағындағы сейсмикалық қауіпті аймақтарды ғана емес, 11 миллион халқы бар Үндістан астанасын да қамтуы мүмкін деп отыр. Мұндай жағдайға үкіметтің әзір еместігін есепке алсақ, бұл жер сілкінісі орасан шығынға әкелуі ықтимал.