Гималайда төрт турист боран салдарынан қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Непалдағы Гималай тауларында қатты бораннан 4 турист құрбан болды, тағы 14 адам құтқарылды. Қаза болғандардың арасында екі поляк, бір израильдік пен бір непалдық бар, деп хабарлады Би-Би-Си.

Гималайда төрт турист боран салдарынан қаза тапты

Қатты жауған қар мен боранның астында туристер Гималайда, Катмандудан солтүстік-батысқа қарай 200 шақырым жерде қалған.

Непалдағы ауа райының қолайсыздығы «Хадхад» циклонына байланысты. Ол Үндістанның шығыс жағалауына бірнеше күн бұрын жеткен болатын қазір Непалда туристік маусым қызып тұр.